Мен 03.01. 1954 ж. ҚазССР, Отырар ауданы, Шәуілдір селосында дүниеге келдім. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің ( әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) география факультеті (1970-75ж ж.) Географ- оқытушы мамандығы бойынша бітіргенмін. Педагогика ғылымдарының докторы, 1996ж. «Қазақстан географиясын оқыту үрдісінде оқушыларға экологиялық білім беру» тақырыбы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты алу үшін, 2005 ж. «Научные основы создания учебно-методического комплекса по курсу «География Республики Казахстан» тақырыбы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғағанмын. «география» доценті, «педагогика»профессоры (2008), «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1998ж.) «Заслуженный деятель науки и образования» (Мәскеу, РАЕ, 2015ж.) Ресей Жаратылыстану академиясының корр. мүшесі (2015 ж.) Ресей Жаратылыстану академиясының академигі (2016 ж.) 1975 жылы Алғабас орталау мектебінде география және биология пәндері мұғалімі; 1987 -1989 жж. Алматы қаласы №21 орыс-қазақ мектебінде география және биология пәндерінің мұғалімі; 1989 ж. Алматы қаласындағы №138 қазақ гимназиясында география пәні мұғалімі, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары (1990-1991жж.); 1991жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Білім министрлігі 1991 жылғы №386 бұйрығымен арнайы ұйымдастырылған Ұ.Ә.Есназарованың географиядан Республикалық атаулы мектебінің жетекшісімін. ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ, БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ –ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА профессоры (2006-2016ж.), Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі (2015 ж.) Ресей Жаратылыстану академиясының академигі (2016 ж.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетіннің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессоры,2019 ж.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1975

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
11.10.2006

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
27.06.2008
Қызығушылығы